Қоғам

Күн +22 градусқа дейін жылынады: 19 қазанға арналған ауа райы болжамы

19 қазанда Алматы мен Шымкентте күн ашық, Астанада ала бұлтты болады. Бұл туралы OpenWeather порталының болжамына сілтеме жасап Oimaqnews хабарлады.

Алматыда күндіз ауа температурасы +16 градусқа дейін көтеріліп, түнде +1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 3,2 метр болады.

Астанада күндіз +15 градус, түнде 0 градус күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 7,9 метрге жетеді.

Шымкентте күндіз ауа температурасы +22 градусқа дейін көтеріліп, түнде +9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 2,7 метр болады.