Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың сату бағамы 454,71–457,70 теңге аралығында. Бұл туралы Kurs.kz мәліметіне сүйеніп, Oimaqnews хабарлады.
Астанада АҚШ доллары 450,70 теңгеден сатып алынып, 457,70 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны сатып алу бағамы — 502,70 теңге, сату бағамы — 512,70 теңге.
Ресей рублі 5,24 теңгеден сатып алынып, 5,44 теңгеден сатылуда. Қытай юанінің сатып алу бағамы — 66,37 теңге, сату бағамы — 70,44 теңге.
Алматыда доллар 452,31 теңгеден сатып алынып, 454,71 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны сатып алу бағамы 505,21 теңгені, сату бағамы 510,04 теңгені құрады.
Рубльді сатып алу бағамы — 5,21 теңге, сату бағамы — 5,33 теңге. Юань 67,37 теңгеден сатып алынып, 70,06 теңгеден сатылуда.