Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды
- авторОймақ
- Бүгін, 16:12
- 24
Түркістан облысында тұрғын үйді жөндеу барысында пакеттерге салынған ақша табылды. Оқиға туралы құқық қорғау органдарына хабарланған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына келген қызметкерлер тексеру жүргізіп, үйдің шатырының астынан ақшаны тапқан.
Алдын ала анықталғандай, жанашыр тұрғындар қарт әйелге үй жөндеуге көмектескен. Жұмыс кезінде олар шатырдан ақша тапқан. Үй иесі бұл қаражатты көп жылдар бойы жинап келгенін түсіндірген.
Қажетті шаралар жүргізіліп, барлық мән-жай анықталған соң ақша заңды иесіне қайтарылады.
Полиция өзгенің мүлкі немесе ақшалай қаражаты табылған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттігін еске салды.
Бұған дейін Өзбекстан астанасында ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан азаматына 10 мың долларды тауып берген. Ер адам көлік сатып алуды жоспарлаған автобазарға бара жатқанда метро вагонында ірі көлемдегі ақшаны түсіріп алған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




