Руханият

Сәкен Майғазиевтің анасы өмірден озды

Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің анасы қайтыс болды. Бұл туралы журналист Ләйлә Сұлтанқызы желідегі парақшасында хабарлады7

Қайғылы хабарды журналист Ләйлә Сұлтанқызы жеткізді.

"Сәкен Досымның, анасынан айырылғанын естіп, жүрегім ауырып отыр… Ана орны қашанда бөлек қой. Қандай сөз айтсақ та, жүректегі ауырлықты жеңілдете алмайтынын білемін.

Алла анаңды рақымына алсын, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Саған және отбасыңа осы ауыр қайғыны көтеруге күш-қуат, сабыр берсін. Анаңның мейірімі мен берген тәрбиесі сендердің бойларыңда мәңгі жасай берсін", - деп жазды ол.