сейсенбі, 13 қазан, 2026 19:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген

Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген
Фото: istockphoto.com
Түркістан облысының Мақтаарал ауданыда адам шошырлық сұмдық жағдай болды. Бойжеткен қыз баланы туысы көлік жүргізіп үйретемін деп алдап, 12 адаммен бірге жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Жантүршігерлік жағдай осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған.

Осы оқиғаға қатысты былтыр бір адам сотталған екен, алайда ол рақымшылыққа ілініп, қазір бостандықта тайраңдап жүр. Ал оның орнына полиция бойжеткенге көмек көрсетпек болған заңгер мен тағы бір адамның үстінен қылмыстық іс қозғапты.

Бейкүнә бойжеткенді өз ағасы зорлап қана қоймай, 8 ай ішінде 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген дейді.

«Олар қызымды қорқытқан, пышақ көрсетіп, соямын деп шошытқан, соққыға жыққан. Соңында осыған мәжбүрлеген. Енді сот қайда? Кінәлі адам қалай қамалды? Істі қалай жауып, шығып кетткен? Олар қазір құтырып, бостандықта емін-еркін жүр. Көлігімен ары-бері өтіп бара жатып, сигнал басып, мазақтап өтеді. Ертең біздің намысымызға тиетін бірнәрсе қылса не болады сонда?!» – деп налыды бойжеткеннің әкесі.

Мақтаарал ауданындағы сұмдық жағдай туралы бойжеткеннің өзі былтыр айтып, көмек сұраған. Оның сөзіне сүйенсек, зорлық көрсеткен туыс ағасы – 45 жаста. Ол көлік жүргізіп үйретемін деп сыртқа шығарып, сол жерде жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенімен қоймай, онысын видеоға түсіріп алыпты. Сол видео арқылы бопсалап, тәнін саудалап ақша тапты деп айыптаған көрінеді.

«Бір кісіге 3-4, тіпті 5-6 рет деген сияқты. Қанша қарызы бар, сол қарызын өтегенше… Мен оларға да жалындым. Жіберуін сұрадым. Олар «Мен сені сатып алғанмын, мен не айтсам соны істейсің» деп айтатын», – деп бойжеткен былтыр берген сұхбатында айтқан.

Осы жағдайға қатысты Түркістан облысының Полиция департаменті бір адамды ұстапты. Алайда зорлағаны анықталмаған, тек интимді видео таратқаны үшін іс қозғалып, 3,6 жылға сотталыпты. Ал ең сорақысы сол, рақымшылық туралы заң арқылы сотталған уақыты қысқарып кеткен.

«Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңның негізінде 1/5 бөлігіне қысқарып, 2 жыл 10 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған», – делінген хабарламада.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар