HALYQSTAN Telegram арнасының мәліметінше, оқиға 8 қазан күні болған. Сол күні кешке жасөспірім серуендеуге шығып, сағат 22:30 шамасында үйінің ауласында жүрген. Кейін ол досын күту үшін тұрғын үйдің кіреберісіне кіріп, екінші қабаттағы баспалдақ алаңында ұйықтап қалған.
Баланы сол маңнан өтіп бара жатқан әйел байқап, үстіне көрпе жауып қойған. Осы көрініс түсірілген сурет желіге тарағаннан кейін жұртшылық арасында түрлі пікір туындап, баланың отбасына қатысты айыптаулар көбейген.
Алайда Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия мүшесі Диляра Турина жасөспірімнің бес күн бойы үйіне келмегені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Оның айтуынша, алты бала тәрбиелеп отырған ана ұлын түні бойы іздеген. Балаларының бірінде мүгедектік бар. Анасы таң атқанша көз ілмей, баласының амандығына алаңдаған.
Осыдан кейін Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы мен Психологиялық қолдау орталығының мамандары отбасының жағдайын зерделеді.
"Қазіргі уақытта жауапты мамандар мен отбасы арасында тұрақты байланыс орнатылды. Баланың жағдайы бақылауда. Кәмелетке толмаған баланың психологиялық жай-күйін қолдау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр", — деп хабарлады басқарма.
Жасөспірімге психологиялық қолдау көрсетіліп, анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Синоптиктер 12 қазанға болжам жасады
Ұқсас жаңалықтар
«Яндекс Go Qazaqstan» компаниясы кейбір ақауларға байланысты мәлімдеме жасады
- авторОймақ
- 11 қазан, 2026




