сенбі, 10 қазан, 2026 11:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Софья Самоделкина қола медаль жеңіп алды

Софья Самоделкина қола медаль жеңіп алды
ҰОК
Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша 204,36 ұпай жинады.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Алматыда өткен Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша 204,36 ұпай жинады.

ISU Challenger сериясына кіретін турнирде қысқа бағдарламадан кейін Самоделкина 69,45 ұпаймен үшінші орыннан көрінді. Бұл – оның халықаралық жарыстардағы қысқа бағдарлама бойынша жаңа жеке рекорды.

Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 134,91 ұпай алды. Нәтижесінде жалпы ұпайы 204,36-ға жетіп, ол үшінші орнын сақтап қалды.

Жарыста бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен 2022 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, ресейлік Александра Игнатова (Трусова) 226,01 ұпаймен жеңімпаз атанды. Оңтүстік Корея өкілі Ким Юджэ 209,20 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда Қазақстан атынан тағы бес спортшы өнер көрсетті. Нұрия Сүлеймен 122,40 ұпаймен 14-орынға тұрақтады. Алика Халимова 120,56 ұпаймен 15-орын алса, Амира Ирматова 117 ұпаймен 16-орынға жайғасты. Зере Сарбаллина 108,73 ұпаймен 18-орын, ал Амина Алексеева 98,20 ұпаймен 19-орын алды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар