Грузияда ауырсынуды басатын дәрі үшін ұсталған қазақстандық 16 жылға сотталды
- авторОймақ
- Бүгін, 09:11
- 9
Бес ай бойы Иван Чекулаевтың жұбайы Юлия күйеуін босатып, елге қайтару үшін күресті. Бұл оқиға туралы бірнеше рет жазып, тиісті органдарға ресми сауалдар жолдады. Одан кейін жағдайға Бурабай ауданының әкімдігі мен прокуратура өкілдері де араласты. Алайда Грузияда өткен сот отырысында Иван Чекулаевқа 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Еске салайық, сәуір айында Поти портында кедендік тексеру кезінде Иваннан Tilidin препараты табылған. Бұл – опиоидтар тобына жататын ауырсынуды басатын дәрі. Оны Германияда дәрігер тағайындағанымен, жүргізушінің қолында мұны растайтын құжаттар болмаған. Осыдан кейін ол қамауға алынып, Грузия Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталған.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Шағымдануға бір ай уақыт берілген. Юлия адвокат жалдап, сот шешіміне апелляциялық шағым түсіруді және күйеуін елге қайтару үшін күресуді көздеп отыр. Алайда заңгерлік көмекке қаражат қажет.
Отбасына қолдау көрсеткісі келетін жандар Юлиямен мына телефон нөмірі арқылы байланыса алады: 8 701 159 4231
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




