жұма, 9 қазан, 2026 9:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Президент Орталық Азия елдері мен Әзербайжан басшыларының кездесуіне қатысты

Президент  Орталық Азия елдері мен Әзербайжан басшыларының кездесуіне қатысты
Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза ұлттық туристік аймағында өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы жиын өтетін "Аваза" кешеніне барды. Қазақстан Президентін Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов қарсы алды.

Кездесуге Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен Әзербайжан Президенті қатысып жатыр. Әзербайжан Президентінің ресми сайты да Ильхам Әлиевтің 8 қазанда Аваза кешеніне сегізінші Консультативтік кездесуге келгенін хабарлады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барған болатын. Сапар бағдарламасына Орталық Азия мен Әзербайжан мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуінен бөлек, Каспий экологиялық саммиті және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы енгізілген.

Қазақстан Президентінің Түрікменстандағы жұмыс сапары 8-9 қазан күндеріне жоспарланған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар