Астанада тағы бір көлік өртеніп кетті
Зардап шеккендер жоқ.
7 қазан күні кешке Астананың Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде автотұрақта тұрған жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі көлік иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.
Еске салайық, 6 қазан күні Сарайшық ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінің маңындағы автотұрақта бес жеңіл автокөлік өртенген болатын. Барлық көлікті ашық жалын шарпыған. Қатты желдің салдарынан өрт жақын маңда тұрған көліктерге тез тараған. Бір адам жансақтау бөліміне түскен.