Brent маркалы мұнайдың баррелі 101,53 долларға жетті.
WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 90,18 доллардан саудаланды. Оның бағасы 0,74 долларға немесе 0,83 пайызға өсті. Brent құны 0,95 долларға немесе 0,94 пайызға артты.
Ресейлік Urals мұнайының бағасы 13,54 долларға, яғни 11,80 пайызға көтеріліп, барреліне 128,30 долларды құрады.
Мұнай бағасының өсуіне ықпал еткен факторлардың бірі — Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі. Дүйсенбі күні хуситтер Эр-Рияд пен Хурайстағы Saudi Aramco нысандарына баллистикалық зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен соққы жасағанын мәлімдеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





