Қоғам

Атырауда лифт үшінші қабаттан құлап, төрт адам зардап шекті

Атырауда көпқабатты үйлердің бірінде жолаушылар лифті құлап, төрт адам зардап шекті.

Оқиға 5 қазан күні шамамен сағат 10:05-те Б. Құлманов көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Тұрғындардың айтуынша, ішінде төрт ересек адам болған лифт үшінші қабат деңгейінен төмен құлаған.

Алдын ала болжам бойынша, бұған техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

Зардап шеккендерді дәрігерлер тексерген. Куәгерлердің мәліметінше, үш адам Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. Тағы бір адам ауруханаға жатудан және медициналық көмектен бас тартқан.

Қолда бар ақпарат бойынша, зардап шеккендердің ешқайсысы ауыр жарақат алмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.