Саясат
Қазақстанға мемлекеттік сапармен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид келеді
- авторОймақ
- Бүгін, 09:03
- 161
Мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады.
5-6 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






