Әлеуметтік желіде қазақстандық боксшы Төрехан Сабырханның Өзбекстан ұлттық құрамасының өкілдерімен бірге жеңісті атап өтіп, билеп жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Мерекелік сәтке Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мұталип, Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Отабек Умаров және екі елдің жанкүйерлері де қосылған.
Айта кетейік, бүгін Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль иеленді. Бұл Қазақстан боксшылары үшін Азия ойындарындағы 12 жылдан кейінгі маңызды жеңіс болды.
Қазақстандық және өзбекстандық спортшылардың жеңісті бірге атап өтуі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






