FlyArystan төрт ішкі бағыттағы әуе билеттеріне 20% жеңілдік жасап жатыр
- авторОймақ
- Бүгін, 13:11
- 40
FlyArystan төрт ішкі бағыттағы әуе билеттеріне 20% жеңілдік жариялады. Ол үшін билет сатып алғанда «KURMET» промокодын енгізу қажет, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеңілдік Алматы – Ақтөбе – Алматы, Астана – Ақтөбе – Астана, Ақтау – Ақтөбе – Ақтау және Ақтау – Орал – Ақтау бағыттарына қолданылады. Билетті барлық жастағы жолаушылар сатып ала алады.
Промокод 1 және 2 қазанда ғана жарамды. Жеңілдікпен алынған билеттермен 2026 жылғы 3 қарашадан 2027 жылғы 3 наурызға дейін ұшуға болады. Алайда 2026 жылғы 24 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейінгі рейстер акцияға кірмейді.
Билетті FlyArystan сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы сатып алу қажет. «KURMET» жеңілдігі компанияның басқа акцияларымен бірге қолданылмайды.
Бұл ұсыныс FlyArystan бастаған «Berekeli Beisenbi» апталық науқанының алғашқы акциясы. Енді әуе компаниясы әр бейсенбі сайын арнайы тариф, промокод, жеңілдік немесе қосымша қызметтерге қатысты жаңа ұсыныстар жариялауды жоспарлап отыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





