бейсенбі, 1 қазан, 2026 12:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Бұл жолы күміс болып қалды": Елдос Сметов Азия ойындарындағы күміс жүлдесінен кейін үн қатты

"Бұл жолы күміс болып қалды": Елдос Сметов Азия ойындарындағы  күміс жүлдесінен кейін үн қатты
Фото: sports.kz
Сметов алдағы жоспарларын бөлісті.

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында жеңіліп, күмістен алқа тақты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз жарыстан кейін финалдық белдесуге баға беріп, алдағы жоспарларын бөлісті.

"Жапониялық спортшымен бұған дейін белдесіп көрмеген едім. Өте тартысты кездесу болды. Бір сәтте қателік жіберіп алдым. Ол сол мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, ұпай еншіледі.

Екі жыл үзілістен кейін Азия ойындарының финалына шығудың өзі - үлкен жетістік деп ойлаймын. Оның үстіне, алғашқы белдесуімнен бастап оңай болған жоқ. Турнирлік кесте де жеңіл түскен жоқ. Корея, Моңғолия және Тайбэй елдерінің мықты дзюдошыларымен белдестім. Финалда ғана сәл сәттілік жетіспеді.

Әлі де уақыт бар, мықты болып ораламыз. Ең басты мақсатымыз - Олимпиадада тарихты жаңарту. Сонымен қатар өз елімізде өтетін әлем чемпионаты бар. Өз жерімізде алтын медаль жеңіп алып, еліміздің әнұранын шырқату мақсатымыз.

Өте қуаныштымын. Қазақ еліне, барша жанкүйерге, ата-анама, өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріме алғысым шексіз. Бұл жеңіс те, жетістік те тек менің еңбегім емес. Сондықтан әке-шешеме, бауырларыма, жан жарыма үнемі қолдау көрсетіп жүргендері үшін көп рақмет.

Қазақ елі, ренжімеңіздер, бұл жолы күміс болып қалды. Алдағы уақытта Олимпиадада да, әлем чемпионатында да алтыннан алқа тағуға бар күшімізді саламыз", - деді Елдос Сметов.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар