ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ер азамат құрылыс алаңындағы оқыс оқиға салдарынан мерт болған, деп хабарлады Қазақпарат.
Корея Республикасының құзырлы органдары оқиғаның мән-жайын тергеп-тексеруді бастады.
— Қазақстан дипломаттары марқұмның туыстарымен байланысқа шығып, оларға консулдық және құқықтық көмек көрсетіп жатыр, — деп мәлімдеді СІМ.
Yonhap ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқыс оқиға 29 қыркүйекте болған. 23-қабатта тұрған ер азаматтың үстіне бетон бөлігі құлаған.
Оқиғадан кейін Корея Республикасының Еңбек министрлігі құрылыс алаңындағы жұмысты тоқтатып, тексеріс бастағаны туралы хабарланған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






