Жаңа травмпунктте реанимация бөлімі мен операциялық блок қарастырылған. Нысан қажетті медициналық жабдықтармен қамтылады. Бұл балаларды қабылдауға қолайлы жағдай жасап, көмекті уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.
Травмпункт балаларға шұғыл көмек көрсететін қызметтің жоғары жүктемесін ескере отырып жобаланған. Елорда ауруханаларын жаңғыртудағы негізгі мақсаттардың бірі — пациенттердің медициналық көмекті күту уақытын қысқарту.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңа нысанның құрылыс барысымен танысып, бөлімшелерді жабдықтау және ашуға дайындау мәселелерін қарады.
Министр №1 көпбейінді қалалық аурухананың жаңартылған қабылдау бөлімін де аралады. Мұнда биылғы сегіз айда 19,7 мыңнан астам пациент емделіп, 11 мыңнан астам операция жасалған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда операциялар саны артып, пациенттердің ауруханада емделуінің орташа ұзақтығы қысқарған.
2027 жылы №1 аурухананы реконструкциялау жоспарланған. Жоба аясында инфрақұрылым жаңартылып, пациенттер мен медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалмақ.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





