Спорт

Елдос Сметов – Азия ойындарының күміс жүлдегері

Оның еншісінде Олимпиада ойындарының алтын, күміс және қола медальдары бар.

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап. 

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Париж Олимпиадасының чемпионы жапониялық Хаято Кондомен белдесті.

Шешуші кездесуде Елдос Сметов қарсыласына есе жіберіп, Азия ойындарын екінші орынмен аяқтады.

Осылайша қазақстандық спортшы ел қоржынына күміс жүлде салды.

Айта кетейік, Елдос Сметов – Қазақстан тарихындағы ең титулды дзюдошылардың бірі. Оның еншісінде Олимпиада ойындарының алтын, күміс және қола медальдары бар.