сәрсенбі, 30 қыркүйек, 2026 14:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елдос Сметов – Азия ойындарының күміс жүлдегері

Елдос Сметов –  Азия ойындарының күміс жүлдегері
Елдос Сметов. Фото: Сали Сабиров / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті
Оның еншісінде Олимпиада ойындарының алтын, күміс және қола медальдары бар.

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап. 

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Париж Олимпиадасының чемпионы жапониялық Хаято Кондомен белдесті.

Шешуші кездесуде Елдос Сметов қарсыласына есе жіберіп, Азия ойындарын екінші орынмен аяқтады.

Осылайша қазақстандық спортшы ел қоржынына күміс жүлде салды.

Айта кетейік, Елдос Сметов – Қазақстан тарихындағы ең титулды дзюдошылардың бірі. Оның еншісінде Олимпиада ойындарының алтын, күміс және қола медальдары бар.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар