Қорғаныс министрлігінің бюджет шығыстарына аудит басталды
Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы Қорғаныс министрлігінің бюджет қаражатын пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізуді бастады.
Аудит бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын, сондай-ақ әскери бөлімдерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды, оның ішінде әскери бөлімдердің қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін тексеруді тапсырған болатын.
Осы мақсатта арнайы комиссия құрылып, оған атқарылған жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде баяндау тапсырылды.