дүйсенбі, 28 қыркүйек, 2026 9:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Садақшылар жекелей жарысты 1/8 финал кезеңінде аяқтады

Садақшылар жекелей жарысты 1/8 финал кезеңінде аяқтады
ҰОК
Олар блоктық садақ атудан жекелей сында жарысты аяқтады.

Қазақстан құрамасының өкілдері Андрей Тютюн мен Ділмұхамет Мұса Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында блоктық садақ атудан жекелей сында жарысты аяқтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

1/8 финалда Андрей Тютюн Вьетнам спортшысы Данг Конг Дукпен кездесті. Қазақстандық садақшы 146 ұпай жинап, қарсыласына екі ұпай айырмасымен есе жіберді – 146:148.

Ділмұхамет Мұса ширек финалға шығу үшін қытайлық Ляо Цзяхаомен бақ сынады. Тартысты өткен кездесуде Қытай өкілі 146:145 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық екі спортшы да жекелей жарысты 1/8 финал кезеңінде аяқтады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар