жексенбі, 27 қыркүйек, 2026 23:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жазғы Азиада: Аянат Жұмағали күміс жүлдегер атанды

Жазғы Азиада: Аянат Жұмағали күміс жүлдегер атанды
ҰОК
Отандасымыз әйелдер арасында 77 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Отандасымыз әйелдер арасында 77 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Ол жұлқа көтеруде 109 келіні, серпе көтеруде 137 келіні бағындырды. Осылайша Аянат қоссайыс қорытындысы бойынша 246 келіні еңсерді.

Қытайлық Хэ Жэньсю алтын медаль жеңіп алды - 258 (118+140). Рейхане Карими (Иран) үздік үштікті түйіндеді 243 (107+136).

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар