Әлеумет

TikTok-та балағат айтқан екі қыз әлеуметтік жауапкершілікке тартылды

Осы факті бойынша екі қызға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Алматыда TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан екі қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде екі қыздың тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып отырған бейнежазбасы тараған.

Тексеру барысында бейнежазбаның көлік базары аумағында түсірілгені анықталды. TikTok-тағы тікелей эфирге 19 жастағы Жұлдызай Мұратбаева мен 21 жастағы Гүлмира Қанатова қатысқан.

Осы факті бойынша екі қызға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Сот шешімімен құқық бұзушылардың әрқайсысына бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Полиция әлеуметтік желілер жауапкершіліктен тыс аймақ емес екенін еске салады. Қоғамдық тәртіпті бұзатын және әкімшілік заңнама талаптарына қайшы келетін әрекеттер үшін заңда тиісті жауапкершілік көзделген.