Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Братиславада (Словакия) өтіп жатқан ISU Challenger сериясындағы халықаралық турнирде жаңа жарыс маусымын бастады.
Олимпиада чемпионы Ондрей Непела мемориалында қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті. Шайдоров өз бағдарламасын орындағаны үшін 95,98 ұпай жинап, аралық есепте үшінші орынға жайғасты.
Қысқа бағдарламадан кейін 101,16 ұпай жинаған Евгений Семененко көш бастап тұр. Екінші орында – 99,10 ұпай алған Италия өкілі Даниэль Грассль.
Ондрей Непела мемориалы Братиславада 24-27 қыркүйек аралығында өтеді. Турнир 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Challenger сериясына кіреді.
Ал Шайдоров үшін бұл жаңа маусымдағы алғашқы ресми жарыс.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Ескек есуден алғашқы алтын: Владислав Яковлев пен Иван Чернухин жеңімпаз атанды
- авторОймақ
- 24 қыркүйек, 2026






