бейсенбі, 24 қыркүйек, 2026 18:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жазғы Азиада: Кирилл Проходов күміс жүлдеге ие болды

Жазғы Азиада: Кирилл Проходов күміс жүлдеге ие болды
Фото: Владислав Семенов. ҰОК
Шпагамен семсерлесуден сынға түскен қазақстандық спортшы турнир барысында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті.

Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Жазғы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Шпагамен семсерлесуден сынға түскен қазақстандық спортшы турнир барысында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті.

Ақтық бәсекеде Проходов жапониялық Коки Каномен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жек 15:13 есебімен жарыс қожайынының пайдасына аяқталды.

Коки Кано – Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарының шпагамен семсерлесуден чемпионы.

Осылайша, Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медальді салды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар