сейсенбі, 22 қыркүйек, 2026 12:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жылыту маусымына дайындық қалай: 1 қазанда бастау жоспарланып отыр

Жылыту маусымына дайындық қалай: 1 қазанда бастау жоспарланып отыр
depositphotos
Солтүстік және шығыс өңірлердерде 1 қазанда басталады.

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде ауа райының көрсеткіштеріне қарай жылыту маусымын 1 қазанға дейін бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме беріп. 

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы қаралған жиында ведомство басшысы энергия көздеріндегі қазіргі нәтижелер мен отын қоры туралы баяндады.

«14 қыркүйектен бастап Павлодар облысында жылыту маусымы басталды. Бұл жұмыстарды солтүстік және шығыс өңірлерде ауа райының көрсеткіштеріне қарай 1 қазанға дейін бастау жоспарда», – деді Ерлан Ақкенженов.

Қазіргі уақытта энергия көздерінде жылыту маусымын бастау үшін қажетті отын қоры, атап айтқанда 4,9 млн тонна көмір мен 127 мың тонна мазут әзірленді. Жоспарланған 4 энергия блогында, 30 қазандықта және 19 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталып, 17 мың шақырым электр беру желілері толық жөндеуден өтті. Сондай-ақ жоспардағы 377 шақырым жылу желілерінің дайындығы 97%-ды (366 шақырым) құрайды.

Сонымен қатар Ұлытау, Абай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы жылу беру нысандары Үкіметтің ерекше бақылауына алынған. Сәтбаев қаласында жылу магистралін жаңғырту аяқталып, желіні тазалау жүргізілуде. Петропавлда дайындық 95%-ға жетіп, жұмыстарды апта соңына дейін аяқтау көзделген. Степногорскіде дайындық 76%-ды құрап, 25 қыркүйекте аяқталады деп күтілуде, ал Семейдегі үш жоба бойынша орындалу көрсеткіші 70%-ды құрап отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар