"Түрі аянышты": бала тауып алған теміржол машинисі оқиғаның қалай болғанын баяндап берді
Шамамен 5 шақырым алыстап кеткен.
Жетісу облысы Матай станциясында теміржол машинисі Дәулет Өсербай айдалада жоғалып кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды. Оқиға туралы теміржолшы Sputnik.kz тілшісіне айтып берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Дәулет Өсербай баланы шамамен 150-200 метр жерден байқаған. Сағатына 38 км жылдамдықпен келе жатқан жүк пойызын тоқтатып, баланы құтқарып қалған.
Шамамен 5 шақырым алыстап кеткен
Бала әбден қорқып қалған.
Баланың қанша сағат адасып жүргенін білмедік, дейді теміржолшы.
34 жастағы Дәулет Өсербай тепловоз жүргізгеніне 15 жыл. Жол бойында мал көп, бірақ бұрын-соңды адам кездескені болмапты дейді. Ел ішінде айтылатын әруақты да кездестірген емеспін, дейді ол.
Дәулет Өсербай сол күні Әлішер Ізтілеу деген көмекшісімен болған, Матай теміржол бекетінде жұмыс істейді. Дәулет Өсербай екі баланың әкесі, бірі - 3 жасар, бірі - 1 жасар.