Қоғам

Ұшақта балағат сөз айтқан шетелдік жолаушы қамауға алынды

Сот шешімімен шетел азаматы 12 тәулікке қамауға алынды.

Көлік полицейлері әуе кемесінің бортында тәртіп бұзған жолаушының құқыққа қайшы әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға Мәскеу – Астана бағытындағы әуе рейсінде болған. Әуе кемесі Астана әуежайына қонғаннан кейін ер адам акт бойынша көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне берілді.

Құқық бұзушы бірден бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды: ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, сондай-ақ әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу.

Сот шешімімен шетел азаматы 12 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар жолаушының бұған дейін де, бір жыл ішінде алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.