"Мен полиция қызметкерімін": шымкенттік қыз жауапкершілікке тартылды
- авторОймақ
- Бүгін, 09:37
- 38
Әлеуметтік желіде өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, балағат сөздермен телефон арқылы қоқан-лоқы көрсеткен Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны Әділхан Аягөз соттың қаулысымен 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Анықталғандай аталған азаматша осыған дейін де ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Полиция азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және өзге адамдардың құқықтары мен тыныштығына құрметпен қарауға шақырады.
Сондай-ақ, кез келген құқық бұзушылық үшін заңнамада белгіленген жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





