Нұрсұлтан Жақсыгенге сот үкімі шықты: 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды
Сот процесінің соңғы отырыстары жабық форматта өтті.
Алматы облысы Қарасай аудандық сотында актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үкім шықты. Ол 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы оның бұрынғы әйелі Фариза Алмазқызы мәлімдеді. Сондай-ақ оның айтуынша, оған 5 жыл әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынып, 5 миллион теңге айыппұл салынған.
Сот процесінің соңғы отырыстары жабық форматта өтті. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Нұрсұлтан Жақсыгенді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Айта кетейік, іс оның бұрынғы жұбайы Фариза Алмазқызымен арадағы дауға байланысты қаралды.
Айыптау тарапы Жақсыгеннің әлеуметтік желіде бұрынғы жұбайына қатысты таратылған ақпарат арқылы оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргенін алға тартты. Ал Нұрсұлтан Жақсыген бұған дейін кейбір даулы жазбалардың өзіне қатысы жоқ екенін, оның атынан жалған парақшалар ашылғанын мәлімдеген болатын.