Астанада жоғары қабаттан құлаған келіншекке қатысты тың деректер пайда болды
Салдарынан әйел мен бүлдіршін оқиға орнында көз жұмған.
Астанада 27 жастағы әйел мен екі жасар баланың қаза болуына қатысты жаңа деректер белгілі болды. Әлеуметтік желіде қайғылы оқиға болған күні әйелдің тұрғын үйге кірген сәті түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бейнекадрлардан әйелдің таңғы сағат 04:30 шамасында бірнеше сөмкемен көпқабатты үйге кіргенін көруге болады. Алдын ала ақпарат бойынша, ол осы үйдегі жалдамалы пәтерге орналасқан. Арада шамамен алты сағат өткен соң қайғылы жағдай болған.
Куәгерлердің айтуынша, сенбі күні таңертең 27 жастағы әйел көпқабатты үйдің 15-қабатынан құлаған. Сол уақытта төмендегі коляскадағы екі жасар баланың үстіне түскен. Салдарынан әйел мен бүлдіршін оқиға орнында көз жұмған.
Қайғылы жағдай болған үйдің тұрғыны Кенжекүл оқиға кезінде естіген дауысты және одан кейін болған жағдайды айтып берді.
Тұрғындардың сөзінше, оқиғадан кейін әйелді іздеп немесе оның туысы ретінде келген ешкімді көрмеген.
Дегенмен әйелдің отбасылық жағдайына қатысты бұл болжам әзірге ресми түрде расталған жоқ.