Қоғам

Тыйым салынған затты таратқан: күдікті үш жылға сотталды

СҚО Аққайың ауданында полицейлер синтетикалық есірткіні заңсыз сақтау фактісін анықтады

СҚО Аққайың ауданында полицейлер синтетикалық есірткіні заңсыз сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Жедел іс-шаралар барысында Григорьевка және Камышлово ауылдарының арасындағы автожолда көлік тоқтатылды. Көліктен азаматтығы жоқ, ауданның 52 жастағы тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде одан салмағы 1,06 грамм α-PVP есірткі заты салынған пакет тәркіленді. Сонымен қатар екі медициналық тамызғыш анықталды.

Ер адам есірткіні Петропавл қаласындағы жасырын орыннан есірткі алғанын мойындады. Сот оны есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз айналымға жіберу бойынша кінәлі деп таныды. Аудан тұрғыны Петропавл қаласындағы колонияда үш жылдық жазасын өтеп жатыр. Бостандыққа шыққаннан кейін ол профилактикалық есепке қойылады.

Полицейлер есірткіні "өзім үшін" сатып алған жағдайда жауапкершілік болмайды деген түсінік қауіпті қателік екенін ескертеді.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны және сақтағаны үшін 78 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеген. Сонымен қатар есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз айналымға енгізуге қатысты 7 адам ұсталды. Мұндай қылмыс үшін заңнамада үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.