дүйсенбі, 14 қыркүйек, 2026 9:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Рыбакина Қазақстанға қайтатынын айтты

Рыбакина Қазақстанға қайтатынын айтты
Spots.kz
Ол бұл туралы баспасөз мәслихатында айтты.

Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қазақстанға қайтатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін өткен баспасөз мәслихатынан соң айтты, деп хабарлайды turkystan.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Баспасөз мәслихатынан кейін қазақстандық журналист Рыбакинадан турнир бойы оны қолдап, өнерін бақылаған қазақстандықтарға не айтқысы келетінін сұрады.

Теннисші жанкүйерлеріне қолдауы үшін алғыс айтып, бұл жеңістің қуанышын олармен бірге бөліскісі келетінін жеткізді.

"Маған сеніп, қолдау білдіргендердің бәріне көп рақмет айтқым келеді. Мен әзірге Қазақстанда емеспін, бірақ қайтуды жоспарлап отырмын. Осы сәтті мені қолдап, матчті тамашалаған Қазақстандағы барша жанкүйермен бірге бөліскім келеді. Әсіресе балалармен", - деп Рыбакинаның сөзін The Tennis Letter келтіреді.

Спортшы Қазақстандағы балалардың тенниске қызығушылығы артып келе жатқанын да атап өтті.

"Тенниске балалардың қызығушылығы артып жатқанын үнемі айтып жүремін. Бәрі теннис ойнағысы келеді. Бұл тамаша. Еліміз үшін осындай үлкен жетістікті бірге атап өтейік", - деді ол.

Бүгін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында үшінші рет "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанды. АҚШ Ашық чемпионатының финалында ол Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар