Астана – Петропавл жолында жол апатынан екі адам зардап шекті
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Астана – Петропавл автожолының 135-шақырымында екі жеңіл көлік соқтығысып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орнына Макинск қаласының трассалық медициналық-құтқару пунктінің мамандары жедел жетіп, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Жол апатынан зардап шеккен екі адам Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді.
ТЖД жүргізушілерді жол қозғалысы кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырды.