Қоғам

Туристік полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылған: Полиция департаменті түсініктеме берді

Полиция қызметкерлерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған.

Астана қаласының Полиция департаменті туристік полиция қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.  сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, елордадағы туристік полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында әдеп нормалары мен полиция қызметкерлерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған.

Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған.