Қазақстан президентіне Трамптың құттықтау хатын табыстады
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті.
БРИКС саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Серджио Гор ең әуелі Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Президент Дональд Трамп жолдаған құттықтау хатты табыстады.
Мемлекет басшысы жылы лебізі үшін АҚШ Президентіне алғыс айтып, Америка көшбасшысын Қазақстанға сапармен келуге шақыратынын растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-америка стратегиялық серіктестігі қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, ықпалдастық аясын одан әрі нығайтудың маңызына тоқталды.
Серджио Гор Қазақстан мен АҚШ көшбасшыларының тығыз әрі өзара сенімге құрылған қарым-қатынасының арқасында екі ел ынтымақтастығы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/288691-memleket-bassysy-aqs-prezidentinin-ontustik-zane-ortalyq-aziia-boiynsa-arnaiy-okilin-qabyldady-1