Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 450,79 теңгені құрады. Осылайша, АҚШ валютасы 5,82 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Ұлттық банкінің 10 қыркүйекке белгілеген доллардың ресми бағамы – 456,89 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 447,88 теңге, ал сатудың орташа бағамы – 450,63 теңге. Астана айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 447,01 теңгеден сатып алып, 454,04 теңгеден сатып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 449 теңгеден сатып алады, ал сату бағамы – 451,15 теңге.
Еске сала кетейік, 26 тамыздағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,66 теңгеге өсті, 27 тамызда 3,28 теңгеге қымбаттады, 28 тамызда 2,1 теңгеге көтерілді. 31 тамызда 2,23 теңгеге төмендеді, 1 қыркүйекте 3,12 теңгеге арзандады, 2 қыркүйекте 2,97 теңгеге төмендеді. 3 қыркүйекте 0,47 теңгеге өсті, 4 қыркүйекте 0,53 теңгеге қымбаттады. 7 қыркүйекте 2,04 теңгеге төмендеді, 8 қыркүйекте 0,19 теңгеге өсті, ал 9 қыркүйекте 2,5 теңгеге қымбаттап, 456,89 теңгеге жетті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк 2 қыркүйекке арналған шетел валютаcының бағамын жариялады
- авторОймақ
- 2 қыркүйек, 2026





