Саясат

Президент Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаны Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілуімен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаның чемпиондарға тән жалынды рухтан қуат алып, жаңа белестерге батыл қадам баса беруіне тілектестік білдірді.