Мемлекет басшысы Тәжікстан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмон мен оның отандастарын Тәжікстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады.
Президент Тәжікстанның егемендік жылдарында мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ әлемдік аренада ұлттық мүддені қорғау мен ілгерілету ісінде зор табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына құт-береке тіледі.