Мемлекет басшысы Солтүстік Македония президентін құттықтады
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Жеделхатта достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас дәйекті түрде дамып келе жатқаны атап өтілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованың қызметі мен игі бастамаларына толайым табыс, ал Солтүстік Македония халқына құт-береке тіледі.