Қоғам

"Нұржанды аяғынан тұрғызу үшін бар күшін салып жатыр": Мәжілістің бұрынғы депутаты жол көлік апатынан зардап шеккен Нұржанның оянғанын жазды

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек қатысқан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен Нұржігіт 24 күннен кейін комадан шықты. Бұл туралы экс-депутат әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Есін жиған азамат жақындарын, атап айтқанда анасын, жұбайы мен балаларын және туған-туыстарын тани бастаған. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатыр.

Науқастың денсаулығын анестезиолог және реаниматолог дәрігерлер жіті бақылауда ұстауда, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан да қажетті қолдау көрсетілуде.