дүйсенбі, 7 қыркүйек, 2026 15:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбелік емші Бағдагүл кәсіпкер Ерсайынның елді алдап жүргенін айтты

Ақтөбелік емші Бағдагүл кәсіпкер Ерсайынның елді алдап жүргенін айтты
Коллаж: Turkystan.kz
Сондай-ақ ол Ерсайды жауапқа тартуды сұрады.

Ақтөбелік Бағдагүл емші Қытайдан Қазақстанға келген кәсіпкер Ерсайға шүйлігіп, оның елді алдап жүргенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

«Ата заң қайда, мына әйелді жазалайтын? Саудагер Ерсай, олай халыққа жаның ашымасын. «Алтын ұтам» деп қанша қиналған адам ұрынады. Сайқымазақ әңгімеңді тоқтатыңыз! Қытайға барып, дәл солай айтып көр! Сені өлім жазасына кеседі ол жақта, заң күшті. Біздің елде жемқорларды, халықты алдап соққандарды ақшамен ауызбастырық беріп отырсын. Қазақтың ақшасын тонау үшін келдің бе? «Ата жұрт» деп сылтаулатып? Қытайдың тілін біліп, заңсыз әрекетке көшкен айлакер. Сендейлерді елден қуып шығып, сол елдің заңына тапсыру керек. Сонда көрейін бұлай сайрағаныңды, сұмырай! Ата-бабаның кіндік қаны тамған еліңді осылай тонауға келдің бе? Нағыз шіріген жұмыртқа екенсің, қу түлкі. Қанша адам Қытайдан әкеліп, саудасын дөңгелетіп жатыр, шүкір. Бірақ сен сияқты құлақтан теуіп алдап сатып жатқан жоқ. Өйтіп өтірік жаның ашымасын. Қытайдың тілін біліп, ата жұртқа жаны ашыған болып келіп, қара, бұны тілі сұмданып, айласын асырғысы келеді. Заңсыз әрекетіңді әшкерелеп, атқа теріс қаратып, елден қуып шығатын уақыт келді сені. Басынба қара халықты, қалтаңды қампитып алып, жемқорлармен барлық жерді сатып алғансың ба? Бұл неғылған айылын жимайтын әйел? Сен алтын сырға тақпасаң, құлақтарың түсіп қалмас, Алдар Көсе болмасаңшы!», - деп жазған ол.

Сондай-ақ ол Ерсайды жауапқа тартуды сұрады.

«Қаншама саудагер тып-тыныш, адал еңбекпен нандарын тауып жүр. Ал халықтың шағымына құлақ аспай, қарапайым аналарымызды қорқытып-үркітуге қандай заң құқық береді? Ұтыс ойындарын жарнамалап, халықты қызықтырып, оңай жолмен ақша табуға ұмтылған әрекеттер заңға сай ма? Осыған нақты жауап керек! Қытайдан тауар әкеліп, адал сауда жасап жүрген қаншама кәсіпкер бар. Оларға ешкімнің өкпесі жоқ. Бірақ халықты алдау, заңды айналып өту немесе тұтынушының құқығын таптау болса, оған міндетті түрде құқықтық баға берілуі тиіс. Елімізде заң бәріне бірдей жұмыс істеуі керек! Ақшасы барға бір заң, қарапайым халыққа басқа заң болмауы тиіс! Егер заң бұзушылық анықталса — жауапкершілікке тартылсын. Ал егер заң бұзылмаған болса — халыққа ашық түрде түсіндірілсін. Бізге үнсіздік емес, нақты жауап керек! Елімізді ешкімнің тонауына жол жоқ! Қарапайым халықтың үнін ешкім өшіре алмайды. Әділдік болса — бәріне бірдей болсын!», - дейді ол.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар