дүйсенбі, 7 қыркүйек, 2026 10:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Өрт қаупі сақталады: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Өрт қаупі сақталады: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
istockphoto.com
Ақтауда да жаңбыр, найзағай және күшті жел күтіледі.

«Қазгидромет» бүгін, 7 қыркүйекте Қазақстанның барлық 17 облысында дауылды ескерту жариялады. Бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл мен екпінді жел күтіледі. Кей аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысында қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болжанады. Жел екпіні кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ақтауда да жаңбыр, найзағай және күшті жел күтіледі.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл болжанады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Батыс Қазақстан облысында да кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі.

Қызылорда облысының орталығы мен солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе облысында екпінді желмен қатар күндіз ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі.

Ұлытау, Қарағанды, Жетісу, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аумағында жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Сонымен қатар Алматы, Атырау, Маңғыстау, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай және басқа да бірқатар облыста жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар