Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткер шешесін ұрып өлтірген
Ер адам анасына балтамен соққы жасаған.
Солтүстік Қазақстан облысының Благовещенка ауылында тұрмыстық жанжалдың арты қайғылы оқиғамен аяқталды. 66 жастағы зейнеткер өзінің 89 жастағы анасын балтамен ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі HALYQSTAN-ға сілтеме жасап.
Көршілердің айтуынша, қария ұлынан картоп қазуға көмектесуін сұраған. Көп ұзамай қарт әйелдің соққы іздері бар денесі ұлының үйінің ауласынан табылды. Болжам бойынша, ер адам анасына балтамен соққы жасаған.
Жедел іздестіру шаралары барысында 66 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Бейресми мәліметтерге сәйкес, ұсталған зейнеткерде бұған дейін де жүйке ауруының белгілері байқалған.