жұма, 4 қыркүйек, 2026 10:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы облысының әкімі тағайындалды

Алматы облысының әкімі тағайындалды
Фото: Үкімет
Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада. 

Шыңғыс Әрінов

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарды (2006-2022)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Президент күзет қызметінің бастығы (2022-2024)

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (06.02.2024)

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Халықаралық қатынастар

Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы

Құқықтану

Азаматтық авиация академиясы

Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану

Марапаттары

ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар