Қарағанды облысында пойыз адамды басып кетті
Қарағанды облысында пойыз адамды басып кетті. 1 қыркүйекте болған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қарағанды облысында теміржол апатынан бір адам қаза тапты. Бұл қайғылы оқиға 1 қыркүйекте болды.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, «Қарағанды – Сұрыптау» станциясында теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан оқиға тіркелді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.