Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды
Ақпаратты аймақтық Полиция департаменті растады.
Жамбыл облысының Қордай ауданында қоқыс контейнерінен жаңа туған қыз бала табылды. Ақпаратты аймақтық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Нәрестені қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Полицейлер баланың анасын анықтау және оқиғаның барлық мән-жайын айқындау мақсатында жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта нәресте Кордай аудандық орталық ауруханасының босану бөлімінде жатыр, оған сағат 10:00 шамасында жеткізілген. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сәбидің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
Дәрігерлер сәбиге қажетті медициналық көмек көрсетіп, тиісті тексерулер жүргізуде, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.