сейсенбі, 1 қыркүйек, 2026 22:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қызылордада 30-дан астам сотталған адам рақымшылыққа ілінді

Қызылордада 30-дан астам сотталған адам рақымшылыққа ілінді
polisia.kz
ҚАЖ қызметкерлері рақымшылықпен бостандыққа шыққан азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне де ерекше көңіл бөлуде.

"Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заң аясында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерден бүгінгі күнге дейін 30-дан астам сотталған бостандыққа шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

 Рақымшылық туралы заң Қызылорда облысындағы ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға да қолданылуда. Соның бірі – жазасын өтеу мерзімінің аяқталуына шамамен бір жыл қалған азамат.

Қызылорда қаласының №2 сотының қаулысымен оған рақымшылық туралы заң талаптарына сәйкес жаза мерзімі қысқартылып, нәтижесінде ол мекемеден босатылды. Бостандыққа шыққан азамат қуанышын жасырмады.

— Рақымшылықпен бостандыққа шығып жатқаныма қуанып отырмын. Бұдан былай қылмыс жасамаймын. Президентімізге және мекеме әкімшілігіне алғысым шексіз, — деді ол.

ҚАЖ департаментінің мәліметінше, рақымшылық туралы заң облыстағы мекемелерде жазасын өтеп жатқан 100-ге жуық сотталғанға қатысты қолданылады. Оның ішінде бір бөлігі бостандыққа шығарылса, 80-ге жуық сотталғанның жаза мерзімі қысқартылуға жатады.

ҚАЖ қызметкерлері рақымшылықпен бостандыққа шыққан азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне де ерекше көңіл бөлуде. Оларға жұмысқа орналасу, әлеуметтік мәселелерін шешу және қалыпты өмірге оралу бағытында қажетті көмек көрсетілуде.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар