Саясат

Мемлекет басшысы Құрылтай отырысында Вице-Президент және Премьер-министр лауазымдарына кандидатураларды ұсынды

Құрылтай депутаттары бір ауыздан келісім берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысына қатысып, Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Вице-Президенті мен Премьер-министрінің кандидатураларын Құрылтай депутаттарымен келісті.

Мемлекет басшысының айтуынша, Вице-Президент мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша рөл атқарады, сондай-ақ билік тармақтары арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді, Құрылтай депутаттарымен және Үкіметпен тығыз жұмыс істейді, Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді іске асырады.

Президент бұл лауазымға Ерлан Тынымбайұлы Қариннің кандидатурасын ұсынды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдағы партиялар фракциялары жетекшілерінің пікірін ескере отырып, Үкімет басшысы лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Вице-Президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасы, Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасы депутаттардың басым дауысымен қолдау тапты.

Мемлекет басшысы Вице-Президент және Премьер-министр лауазымдарына ұсынылған кандидатураларды қолдағаны үшін Құрылтай депутаттарына ризашылығын білдірді.